«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Нижнеборлық Мектеп - бөбекжай – бақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жеңіс күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында 7-9-сыныптардың ұл-қыздар командалары арасында «Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан» тақырыбында «Тапқырлар мен зерек қыздар» зияткерлік ойыны өтті.
Ұлы Жеңіс күнін мерекелеу аясында және оқушылардың бойында өз Отанына деген патриоттық сезімдерін ояту, Батырлардың қаһармандық ерліктеріне мақтаныш сезімін ұялату мақсатында «Жеңіс күні құтты болсын!» атты сурет көрмесіне бастауыш сынып оқушылары белсенді қатысты.
Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шараларды өткізу жоспарына сәйкес салтанатты шара өтті. Мақсаты: білім алушылардың патриоттық сезімін тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасау; өзіндік азаматтық-патриоттық ұстанымын қалыптастыру және өз халқының тарихи өткенімен таныстыру.
Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында 1-11 сынып оқушыларымен «Ерлік» сабағы өткізілді. Мақсаты: еліміздің тарихи өткеніне қызығушылықтарын дамыту; патриоттық, азаматтық сезімдерін тәрбиелеу.
4-мамыр күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Фазлиева Ж.Т. және Нұрмағанбетова Ж.Ж. ұстаздар, ата-аналар және оқушылар арасында «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант өткізді.
«Нижнеборлық Мектеп-бөбекжай-бақша кешені»» КММ-де медицина қызметкері 8-сынып оқушыларымен «Қызылша ауруы. Қызылшаның алдын алу амалдары. «Ұлдар мен қыздардың жеке бас гигиенасы» туралы сөз қозғады.
Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шаралар аясында «Қазақстан – достық елі» фестивалі өтіп, оған 1-11 сынып оқушылары қатысты. Фестиваль бағдарламасында түрлі ұлттардың әндері, билері, ойындары, салт-дәстүрлері көрсетілді.