«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Нижнеборлық Мектеп - бөбекжай – бақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Республикалық «Қауіпсіз терезе» ақпараттық науқаны аясында 1-4 сынып оқушылары «Қауіпсіз терезе» сурет байқауына қатысты. Мақсаты: қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігіне назар аудару.
Экологиялық білімдерін қалыптастыру, экология, экологиялық заңдылықтар, табиғаттағы өзін-өзі ұстау ережелері туралы түсініктерін кеңейту мақсатында 5-сынып оқушылары арасында «Экологиялық марафон» ойыны өткізілді.
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы - Кеңес А.В., 5-11 сынып оқушыларымен «Түнгі уақытта балалардың күн тәртібін сақтамауы», «Қорлық жасау» тақырыбында түсіндірме әңгіме жүргізді.
Төтенше жағдайларда балалардың қауіпсіздігін сақтау - ересектер үшін ең маңызды міндет. 2023 жылдың 6 сәуірінде «Ашық терезе балаға қауіп төндіреді!», «Абайлаңыз! Ашық терезе!». Бала қауіпсіздігі - баланы тәрбиелеу кешенінің негізгі буыны. Балаға зақым келтірмеу үшін сақтық шараларын сақтау керек.
,, Нижнеборлық МББК» КММ-де 3-сынып оқушыларына арналған әдеби сағаты өтті ,, Андерсеннің ертегілер әлемінде".Балалар мерекенің пайда болған тарихын білді. Биыл "Кітап күні" белгіленгеніне 80 жыл; одан кейін балалар ұлы дастаншының өмірбаянымен, шығармашылығымен танысты. Г.Х.Андерсеннің 2 сәуірде туған күні аталып өтілді. Бұл шаралар "Оқуға құштар мектеп" жобасы және Балалар кітабы апталығы» аясында өткізілді.
«Нижнеборлық МББК» КММ-де 10-11 сынып оқушылары арасында мектебіміздің түлегі, 25744 әскери бөлімі реактивті артиллерия дивизиясы зымырандық артиллерия батареясының аға сержанты - Ж.Б.Кинжебековпен кездесу өтті. Бұл басқосудың мақсаты – Отанды қорғау жөніндегі конституциялық парызды орындау.