«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Нижнеборлық Мектеп - бөбекжай – бақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Наурыз мейрамын тойлау аясында мектепте «Көш келдің Әз – Наурыз!» атты мерекелік концерт өтті. Мақсаты: қазақтың салт-дәстүрін, мәдениетін құрметтеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына ықпал ету; - патриоттық сезімдерін ояту; - қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру.
1-11 сыныптар арасында «НАУРЫЗ – МЕЙРАМЫ» атты тәрбие сағаттары өтті. Міндеттері: Балаларды дәстүрлі мерекемен таныстыру, танымдарын кеңейту. Отанға деген сүйіспеншілік пен зейінділікке, еңбексүйгіштікке, қазақ халқының мәдениетіне қызығушылықтарын ояту; Жылдың басы – Наурыз. Жырдың басы – Наурыз. Мерекеге арналсын, Бугінгі жыр, әніміз.
16 наурыз – Табиғат күні (Жайлау күні). Табиғат аясындағы өмір - көшпелі қазақтардың дүниетанымының бір бөлігіне айналды, сондықтан бұл күні қоршаған ортаға, табиғатқа ерекше назар аудару маңызды. 5-сыныптың қыздары мектеп фойесінде гүлдердің жерін қопсытып, суарды.
Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар аясында 15 наурыз күні мектепте 6-сынып оқушыларымен ұрпақтар сабақтастығын насихаттау және 7 ата туралы білімдерін тарату мақсатында «Шежіре күні» атты танымдық шара өткізілді.
"Жасөспірім" ОПМ аясында 9-сынып оқушыларымен "Алкоголь мен темекі шегудің адам денсаулығына әсері"тақырыбында әңгіме өткізілді. Мақсаты: оқушыларға алкоголь мен темекі шегудің адам ағзасына тигізер әсерін түсіндіру.