«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Нижнеборлық Мектеп - бөбекжай – бақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
6-сынып «Энергетикалық сусындар тәуелділікті тудырады» атты кеңес -әңгіме өткізілді. Мақсаты: - оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру және энергетикалық сусындарды ішудің жағымсыз салдарын түсінуге ықпал ету.
«Нижнеборлық МББК» КММ-де Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне арналған сынып сағаттары өтті. Мақсаты: жас ұрпақтың азаматтық санасын қалыптастыру, патриоттық қасиеттерге тәрбиелеу.
Кәсіптік бағдар беру бойынша мектебімізге Ақмола облысы білім басқармасына қарасты Чаглинка ауылынан, Жоғары агротехникалық колледжінің өкілдері келді. Колледждің негізгі мақсаты – техникалық және кәсіптік білім берудің, білім беру бағдарламаларын жүзеге асырумен қатар әртүрлі жұмыс бағыттары бойынша білікті мамандарды даярлау.
Ауғанстан Республикасында көрсеткен жауынгерлік ерлігі мен атқарған интернационалдық борышын еске алу құрметіне 2-4 сынып оқушылары арасында спорттық турнир өткізілді. Балалар төзімділік, дене шымырлығын және ұжымшылдықтарын көрсетті.
Кәсіптік бағдар беру мақсатында мектебімізге Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжінің өкілдері келіп, білім алушыларды оқуға түсу шарттарымен және оқу тәртібімен таныстырды. Олар колледжде оқытылатын мамандықтар туралы толық ақпарат берді.
Шаңғымен сырғанау сабақтары мектеп оқушыларының қимыл-қозғалыс тәсілдеріне дағдыландыруға, төзімділікті дамытуға, табандылық пен алғырлыққа тәрбиелеуге, денені шынықтыруға бағытталған. Ал Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы В.В.Кувшиновтың жеке үлгісі балаларды салауатты өмір салтына ұмтылуға итермелейді.